. <b>Мақтаарал ауданының географиясы мен экономикалық жағдайы</b>
<b>Мақтаарал ауданының географиясы мен экономикалық жағдайы</b>

Мақтаарал ауданының географиясы мен экономикалық жағдайы

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..3 1.Мақтаарал ауданының географиялық орналасуы . . . . . . . . . 5 1.1 Мақтаарал ауданының физикалық.географиялық сипаттамасы . . . . .5 1.2 Мақтаарал ауданының климаты, су ресурстары . . . . . . . . . . .11 1.3Мақтаарал ауданының жер ресурстарының сапалық жағдайы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .13 1.4.Мақтаарал ауданының халқының этнодемографиялық сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 Мақтаарал ауданының экономикалық сипаттамасы . . . . . . . .18 2.1.Мақтаарал ауданының жер ресурстарын нарықтық экономика жағдайында пайдаланудың негізгі тенденциялары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2.1 Өнеркәсіп көрсеткіштері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18 2.2 Ауылшаруашылығын дамыту мәселелері . . . . . . . . . . . . . .29 2.3 Сыртқы экономикалық қарым . қатынастары . . . . . . . . . . . ..42 Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52 Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54

Ауданымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігі де, болашақтағы дамуын бағдарлайтын қам-қарекеті де - өзінің Мақтаарал деген атына сай, негізінен біздің ақ алатынымыз, бағалы қазынамыз - мақтаға байланысты. Ақ мақталы оңтүстікті, жалпы Мырзашөл өңірін кең байтақ Қазақстанымыздың- тәуелсіздік туын желбіреткен туған еліміздің басқа аудандарынан ерекшелеп даралайтын да алдымен осы мақташылық кәсіп. Мақта - біздің бойтұмарымыз, ерекшелік белгіміз. Тұрмыс дережемізді, күнделікті өміріміздің алуан саласын, бүгін мен болашақ, жайында толғанып ойлағанда, жоспар құрғанда ең алдымен, көз алдымызда ақ мақталы, әсем кестелі алқаптарымыз тұрады. Мырзашөл өңірі халқының жан дүниесімен, көңіл-күйімен, тыныс-тіршілігімен мақташылық кәсіп рухани тұтасып, сіңісіп кеткендей, болып көрінеді бізге. Халықтың, тұрмысы, тіршілігі түгелдей осы мақта шаруашылығына бейімделіп, икемделген. Өйткені, шаруа шаңырағыңыздың уық-керегесі де, экономикамыздың негізгі тірегі де, шаруашылығымыздың өзегі де, елдің күн көріс көзі де, ең алдымен, осы мақта. Шындығын айту керек, неше жылдан бері нарық экономикасының қысымына, заманның басқа қиындықтарына да республикамыздың басқа аймақтарына қарағанда неғұрлым шыдас беріп, құрығына түспей, өтпелі кезеңнің, жаңа алыс-беріс базар қатынастарына тезірек икемделе бастауымыз да осы мақта шаруашылығымен айналысуымыздың, оның ата кәсібімізге айналып, тамырын тереңге жайғандығының арқасы деп білеміз. Мақта өсіру кәсібі, халықты еңбеккерлікке, ерінбеуге, төзімділікке, жаны сірілікке баулып үйретеді. Мақтаның бойындағы қасиет те қисапсыз, ол-халық тұтынатын сан алуан өнім алынатын аса бағалы дақыл. Одан шығарылатын матаның түр-түрін айтпағанның өзінде бір тонна мақтадан ғана, үш мың метр мата, 100-110 килограмм күнжара шығады. Мақтаның сабағынан

1. Абдуллин.А.А. Геология Казахстана. Алама-Ата; Наука, 1981 с. 312. 2. Абдуллин.А.А. Геология и минеральные ресурсы Казахстана. Алма-Ата. Ғылым, 1994, С.400. 3. Аубакеров. Б.Ж. Континентальные четвертычные отлажение Казахстана: Автореф.Дисс. на соискание докт.геол-минер.наук-Алма-ата, 1992., 35с 4. Боровский В.М.Геохимия засоленных почв Казахстана. М.Наука,1978. 192с, 201-203. 5. Герасимов И.П.,Матусевич С.п.Новые материалы по географии почв Казахстана ипроект легенды к почвенной карте республики.//Изв.АН КазССР Сер. Почв.,1945.Вып.1-2. 142-143. 6. Джанпейсов Р.Д.,ЗоновГ.В.Смагулов Т. Виляние эрозии и дефляции на структуру почвенного покрова полупустынь и пустынь Казахстана. -Алма-ата:Наука6 1990.92с. 120-122. 7. Климат Казахстана //Под ред.Утешева А.С.Л.-Гидрометеоиздат, 1959. 367 с, 72-74. 8. Очерки по физической географии Казахстана //Под ред. И.П.Герасимова.-Алма-ата:Наука,1952. 560с. 9. Равнины игоры Средней Азии и Казахстана. М.:Наука,1975.40-41 с. 10.Рельеф Казахстана // В кню: Пояснительная записка к геоморфологической карте Казахской ССР масштаба 1:1500000. Часть 1,2.-Алматы. Ғылым.1991.С 56-58. 11.Ретеюм А.Ю. Физико-географическое районированпе и выделение гёсистем.//Вопросы географии. 1986.ғ98. С 56-58. 12.Селверстов Ю.П. Пространственно-временная организация геоморфологических систем.-ЛГУ, 1990. 396 с. 13.Федроович Б.А. Казахстан. Природные условия и естественные ресурсы СССР.-М.:Наука,1969.482 с. 14.Формазов А.Н. Животный мир Казахстана.-М.:Наука,1987 . 150 с. 15.Фридланд В.М. Структура почвенного покрова мира. М.: Мысль,1984.235 с.Шлыгин Е.Д. Геологическая история и геологическое строение Казахстана. // В кн. Очерки по Физической географии Казахстана.-Алма-ата: Наука, 1952. С. 59-127. Шлыгин Е.Д. Геологическая- история и палеогеография от протерозоя до кайнозоя.// В кн. Казахстан.-М.: Наука. С. 20-32. П.Сваричевская З.А. Геоморфология Средней Азии и Казахстана, Л. 1965. 18. В. М. Чупахин. Физическая география Казахстана.//Изд ңМектепң.: Алма-ата.1968.СЛ31-132. 19.СССР Физикалық географиясы. М.И.Давыдова,Л.И.Каминскии,Н.П.Неклюкова. Г.К.Тушинский. Мектеп баспасы, Алматы-1974. 353-354 б. 20.Бейсенова А.С. Исследования природы Казахстана. Изд. Казахстан. Алма-Ата 1979 39-40 б. 21.Джаналиева.Г.М. Физическая география Казахстана. Алматы. Қазақ университеті 2000 ж 27-286 22.Мушкетов.И.В. Туркестан. Том 1. Пг, 1915. с.82-83 23.Чертежная книга Сибири, составленная Тобольским сыном боярским Семеном Ремезовом ВІ701 году. Спб;1982. Обяснения к листку 20 24.Влангали.А.Г. Геогностические поездки в восточную часть Киргизской степи в1849-1851гг Горный журнал 1853 чч-2-З с.219 25.Дорощин П. Геологияческие заметки о полуострове Мангышлак Горныйжурнал 1871 ч-іс. 119 26.Бисінбаев.Е.Б. Маңғыстаудың физикалық географиясы. Ы. Алтынсарин ат. Қаз. ҒА. Баспасы. Алматы 2000ж 37-38 б. 27.Тазабекұлы.Т. Тазабекова.Е. Топырақтану түсіндірмей, сөздігі Алматы.Рауан\1993ж. 236-237 б. 28.Попов.М.Г. Растительный покров Казахстана. Алма-Ата 1940г с. 127-128. 29.Польгов.Н.Н. Казахстан. Москва 1953г. с. 38-39. 30.Григорьев. А.А. Природные условия Казахстана Москва-Ленинград 1944г. с 195-196 31.Кунаев.Д.А. Полезные ископаемые Казахстана. Алма-Ата 1955 г. с.236-238. 32.Сыранбеков.Қ.Ж. Жабайы өсімдіктер Сыры.Алматы Қайнар 1986.46-56 беттер.

Тақырыбы: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . ..31.Мақтаарал ауданының географиялықорналасуы . . . . . . .. . . . 51.1 Мақтаарал ауданының физикалық-географиялықсипаттамасы . . . . .51.2 Мақтаарал ауданының климаты, суресурстары . . . . . . . . . . . 111.3Мақтаарал ауданының жер ресурстарының сапалықжағдайы . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . 131.4.Мақтаарал ауданының халқының этнодемографиялықсипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .2 Мақтаарал ауданының экономикалықсипаттамасы . . . . . . . .182.1.Мақтаарал ауданының жер ресурстарын нарықтық экономика жағдайындапайдаланудың негізгі тенденциялары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2.1 Өнеркәсіпкөрсеткіштері . . . . . .. . . . . . . . . . . .. . . . . ..182.2 Ауылшаруашылығын дамытумәселелері . . . . . . . . . . . . . . 292.3 Сыртқы экономикалық қарым -қатынастары . . . . . . . . . . . ..42Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . 52Пайдаланған әдебиеттертізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . ..54

Ауданымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігі де, болашақтағы дамуынбағдарлайтын қам-қарекеті де - өзінің Мақтаарал деген атына сай, негізіненбіздің ақ алатынымыз, бағалы қазынамыз - мақтаға байланысты. Ақ мақталыоңтүстікті, жалпы Мырзашөл өңірін кең байтақ Қазақстанымыздың- тәуелсіздіктуын желбіреткен туған еліміздің басқа аудандарынан ерекшелеп даралайтын даалдымен осы мақташылық кәсіп. Мақта - біздің бойтұмарымыз, ерекшелікбелгіміз. Тұрмыс дережемізді, күнделікті өміріміздің алуан саласын, бүгінмен болашақ, жайында толғанып ойлағанда, жоспар құрғанда ең алдымен, көзалдымызда ақ мақталы, әсем кестелі алқаптарымыз тұрады. Мырзашөл өңіріхалқының жан дүниесімен, көңіл-күйімен, тыныс-тіршілігімен мақташылық кәсіпрухани тұтасып, сіңісіп кеткендей, болып көрінеді бізге. Халықтың, тұрмысы,тіршілігі түгелдей осы мақта шаруашылығына бейімделіп, икемделген. Өйткені,шаруа шаңырағыңыздың уық-керегесі де, экономикамыздың негізгі тірегі де,шаруашылығымыздың өзегі де, елдің күн көріс көзі де, ең алдымен, осы мақта.Шындығын айту керек, неше жылдан бері нарық экономикасының қысымына,заманның басқа қиындықтарына да республикамыздың басқа аймақтарынақарағанда неғұрлым шыдас беріп, құрығына түспей, өтпелі кезеңнің, жаңа алыс-беріс базар қатынастарына тезірек икемделе бастауымыз да осы мақташаруашылығымен айналысуымыздың, оның ата кәсібімізге айналып, тамырынтереңге жайғандығының арқасы деп білеміз. Мақта өсіру кәсібі, халықтыеңбеккерлікке, ерінбеуге, төзімділікке, жаны сірілікке баулып үйретеді.Мақтаның бойындағы қасиет те қисапсыз, ол-халық тұтынатын сан алуан өнімалынатын аса бағалы дақыл. Одан шығарылатын матаның түр-түрін айтпағанныңөзінде бір тонна мақтадан ғана, үш мың метр мата, 100-110 килограмм күнжарашығады. Мақтаның сабағынан лимон және сірке қышқылы, спирт, тері илеугеарналған малмалак, қағаз және басқа өнеркәсіптік өнімдер айырып алынады.Түйіндеп келгенде, мақтадан сексенге тарта әртүрлі қажетті өнім шығарылады.Міне ауданымыздың қарапайым еңбекші халқы ерен қажыр-қайрат жұмсап,тамшылаған маңдай тер тегіп, өсіріп отырған бұл дақылдың "ақ алтын"аталуының мәні осында жатса керек. Бұл жайларды егжей - тегжейлі тізбектепайтып отырғанымыз, нарыққа көшу кезеңінің ерекшеліктеріне, мұндағыэкономикалық қатынастардың заңдылығына мақтаның тауарлық қасиеттері әбденсәйкес келіп, үйлесім табады екен. Осы тұрғыдан алғанда, мақтаны ілгерішіл,жаңашыл, прогресшіл, уақыт талабымен әрдәйім үндесіп отыратын демократияшылһәм қандай да экономикалық кедергі дағдарыстарды бұзып жарып өтуге күшқуаты кемел жететін жауынгер - дақыл деп бағалағанымыз дұрыс. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысымыздыңмаңыздылығы, әрі қазіргі жоғары технологиялы модернизация менинформатизация кезеңінде жаңа көзқарас тұрғысынан Мақтаарал ауданымыздыңгеографиялық сипаттамасы ескеріле отырып, төмендегідей мақсат қойылды: • Мақтаарал ауданына физикалық-географиялық, климаттық және әлеуметтік- экономикалық сипаттама бере отырып, Мақтааралдың геоэкологиялық бөлімдері мен ауданның геоэкологиялық орталықтырына сипаттама беру, экологиялық мәселелеріне тоқталу; • Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласының салынуы, қазіргі таңдағы жетістігі және аудан экономикасындағы орны; • Аудандағы негізгі өндіріс - мақта шаруашылығының биосфераға тигізетін әсерін, қазіргі таңда қалыптасқан геоэкологиялық мәселелерге тоқталу және бұзылған геожүйелерді экологиялық қалпына келтіру, оны шешу жолдарын көрсету.Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан жәнепайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Мақтаарал ауданының географиялық орналасуы 1.1 Мақтаарал ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы

Мақтаарал ауданы - облыстың қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқанәкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы. Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып,соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды.1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан(Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілікорталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтааралауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің солжағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықтаорналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас.Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш,Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылысматериалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ,жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғыС.И.Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының молқоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ,қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырыменжорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған. Аудаңда 60-тан астамұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдерітұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан. Ірі елді мекендері:Жетісай қаласы, Атакент, Асықата, Мырзакент кенттері және Минералды сулар,Алғабас, Жалын, Бескетік, Қызылқұм, Сәтбаев тағы басқа ауылдары.Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оныңүлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егісаумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігішектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақалтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлікқоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай"жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасыныңдамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның80%-ын береді. "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын,"Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оңтүстік су шаруашылығы" мемлекеттіккәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіпөнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесінетиеді. Білім беру мекемелерінен "Сырдария" университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес колледждері, 117 мектеп,2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар.Денсаулык сақтау мекемелерінен "Диагностикалық орталық", 6 аурухана, 31отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшер-акушерлік пункт бар. 2001 жылдың 1қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықтарға маңызы бар, ұзындығы 400метрлік "Тәуелсіздік" көпірі және ұсақ 5 көпір пайдалануға берілді.Ауданның орталығы - Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық - 232км.(Сурет 1.)

Сурет 1. Мақтаарал ауданы, орталық қаласы - Жетісай, Мырзашөл өңірін үлкен қарқынмен игеру жұмыстары онан әрі жүргізіліпжатқан кезеңнің тұсында 1941 жылы 21 маусымда Ұлы Отан соғысы басталыпкетті. Соған қарамастан шитті мақта өндіру ісін жандандыра беру мақсатындаОңтүстік Қазақстан облыстық партия комитеті мен облыстық кеңес атқарукомитетінің 1941 жылғы 27 қарашадағы №1221540-B-44 қаулысына байланыстыМырзашөл аймағындағы Мақтаарал, Киров аудандарының және тың жерлердіигерудің есебінен қатарлас енді үшінші - Сталин ауданын ұйымдастыру - ашужөнінде мәселе қозғайды. Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы ҚазақстанКомпартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесіненжоғарыдағы мазмұнда алынған қаулыны бекітуді және жаңа аудандыұйымдастыруға рұқсат беруді сұраған сол кездегі Оңтүстік Қазақстаноблысының екі басшысы Нечаев пен Сағынтаев жолдастардың қолы қойылғанхаттар, т.б. лауазымды қызметкерлердің жолдама-хаттамалары республикабасшыларының атына жіберіліп, олардан жауап хаттар түсіп жатты. Әртүрлі себептерге байланысты, оның үстіне елдің күйзеліс кезіндегіқиыншылықтар - соғыс жүріп жатқан жылдары едәуір кедергі болса керек. Жаңаауданды ұйымдастыру - ашу жағы кешіктіріліп кейінге қалдырыла берді,ауыртпалықтар әсері coл кезде мұрша бермеді. Соғыстың біздің пайдамызғашешіліп жатқан жылдардың бірінде яғни 1944 жылы 8 мамырда бірсыпырауақыттан бері айтылып келе жатқан үлкен істің түйіні шешілді, жаңа ауданныңкерегесі жайылып, шаңырағы көтерілді. Бұрынғы жазылып жүргендей Сталинемес, Ильич ауданы болып өмірге келді. Облыстың басқару орындарының шешімі бойынша ауданға Аманкелді,"Прогресс", Молотов, Калинин, Сакко-Ванцетти ауылдық кеңестері қамтитыншаруашылықтар және атақты "Мақтаарал" ауылы орналасқан Ильич поселкесіқаратылып, аудан орталығы осы Ильич поселкесі болып белгіленді. Жаңаауданның жалпы жер көлемі 197826 гектар шеңберіндегі 25 колхоз, бір совхоз,2 МТС қаратылды. Осы үлкен жаңа ауданның бірінші хатшылығына жоғарғы жақбілімді агроном Исмаил Юсуповты жіберді. Ол өзінің бар күш-жігерін,ұйымдастыру іс қабілетін жаңа ауданның экономикасы мен мәдениетінтоптастырып қалыптастыруға жұмсай білді. Соның нәтижесі әрі халықтыңМырзашөл өңірін игеруде бұрын-соңды болмаған қарқынды қайратты жағдайдажұмыс жүргізулеріне тура келді. Сондықтан да болса керек 1945 жылы Ильич ауданының шаруашылықтарымемлекетке мақта дайындаудың жоспарын едәуір асыра орындады. АудандағыКиров, Молотов, Сталин, Аманкелді, Жамбыл, Куйбышев, "Алғабас", "Қызыл Ту",Қызылабад атындағы колхоздар өте жоғары мақта өнімін жинауға қол жеткізді.Оның жеке бригадалары мен звеноларының жетекшілері 1945-1950 жылдараралығында өнімділікті 25-30 центнерге дейін одан да жоғары мақта жинаудықамтамасыз етті. Шаруашылықтар мақташылық егістіктің көлемін арттыруменбірге, көп салалы шаруашылық кезіне айналдыру бау-бақша, жеміс-жидек,көкөністер түрлерін, ет, сүт, арпа, бидай, жүгері өндірудің жолдарына кеңжол ашылды. Мұндай шаралардың іске асырылуының арқасында шаруашылықтардыңтабыс көзі әлде қайда молая түсті. Осы жерде бір айта кететін мәселе Мырзашөл аймағын кеңінен игеружұмысы 1924 жылдан бастап "Мақтаарал" ауылы ұйымдастырыла бастағаннан кейінқызу қолға алына бастады. Оған дейін қазақстандық бұл үлкен кең аймақӨзбекстанның Жызақ қаласына дейін орталықта жортқан жабайы аңдардың тұяғыкүйетін, ұшқан құстың қанаты талатын шөл дала жылдар бойы тусырап жатты.Осы аралықты басып өтетін үлкен керуен жолында шөлге шыдамды түйелерменғана кірекештік жалғасып жататын. Онда да бұл жолға шыға қалсаң "су алашығуды ұмытпа!" деген жазу-белгі тұратын. Демек, жолдың өн бойында судыңқұны алтынмен тепе-тең еді. 1928 жылдан бастап байқұлақтардың малы тәркіленді, орыстардың сушығатын азын-аулақ жерлері, құрал-саймандары тартып алынды. Осының алғашқынегізінде 1929-1930 жылдары "К-22" арықтары сәл-пәл табаны кеңейтіліпосының теңірегінен ұсақ -шағын ауылшаруашылық артелдері ұйымдастырылабастады. Кулақтардан тәркіленген 30 жылқы, 45 сиыр, 6 егіз, 100-шақты басқой, дизель моторлы диірмен, 30 ұялы бал арасы, 6 ат сеялкасы, 2 аттырмасы, 2 шөп жинайтын, 4 ат арбасы, 4 шөп оратын құралдармен, 30-40шамасында кетпен, күрек, бесақалар, 4 қол арба, оншақты атегер-әпзелдері,бір ұстахана колхоздар меншігіне өтті. Колхоздар ауыл-ауыл болып "Земля и труд" аймағынан 1930-1932 жылдыңаяғында 10 колхоз ұйымдастырылды. Мысалы, "Үлгілі", "Қызылабад", "Жаңажол", "Дихан", Ахунбабаев, Еркіншілік, Исаев, "ІІІ-бесжылдық", "Прогресс",Жамбыл, Сакко-Ванцетти. 1935 жылдан бастап осы колхоздарға қызметкөрсететін: жерін айдап, егістігін күтіп-баптайтын "Қызылабад" МТС-ыдүниеге келді. Мұндай МТС-тер кездегі Мақтаарал ауданы қамтитынколхоздарда үшеу еді. Әсipece, "Қызылабад" МТС-на қарайтын колхоздардың атақ-даңқы-соғысқадейінгі кезеңде дүркіреп қатты шықты. Мақта, мал шаруашылығы жақсы дамыды.Жаппай сауат ашу, балалардың 7 жылдық білім алу ісі қолға алынды. Осы колхоздар 1942 жылы мемлекетке берілетін жоспардан тыс Отанқорғау майданындағы жауынгерлерге 6 тонна ет, 2 тонна сары май, 700 жұпқолғап, 200 келте тон, 500 кило қауынқақ жіберді. Әрбір колхоздыңколхозшылары жыл сайын миллиондап соғыс заемына жазылып жатты. Сакко-Ванцетти ауылдық Советтің хатшысы Қосалы Жұмановтың бір өзі мал-мүлкінсатып Отан қорғау, қорына 1 миллион 102 мың сом қаржы құйып, сол кездіңданышпан көсемі И.В.Сталиннен Алғыс хат алды. Бұл үлкен тарихи оқиға болды. 1940-1941 жылдары Қызылабад орталау мектебінің мұғалімі ЖолдыбайНұрлыбаев 19 жасында майданға аттанып, пулеметшілер батальонын басқаражүріп, 1945 жылдың наурызында сол есіл ер капитан Одер өзенінен өтушайқасында соғыста мерт болды. Оған Совет Одағының Батыры атағы берілді.Ұлы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы жерлестерінің қаржысына колхозмәдениет сарайының алдынан биіктігі 14 метрлік монумент-ескерткішке 4солдаттың бейнесі белгіленген, оның біреуіне Жолдыбай Нұрлыбаевтың бейнесісомдалған. Сонымен бірге, бұрынғы 10 колхоздан майданға аттанып, қайтыпоралмаған 800-ге тарта қызыл ескерлердің аты-жөндері стенд-тасқа ойыпжазылды. Қоғамдық ұйымдардың күшімен мезгіл-мезгіл жиындар өткізіліп,туысқандары жылап-сықтап құран бағыштап келіп-кетіп жататын қасиетті орынғаайналып отыр. Ж.Нұрлыбаев мұғалім болып істеген орта мектеп қазіргі кездебатырдың есімімен аталады. Бір кездегі 10 колхоз келе-келе кешегі Совет дәуірінде бәрі бірігіп,Ленин атындағы ірі колхозға айналып еді. Сол тұста бұл шаруашылық өтежоғары жетістіктерге қол жеткізді. Осы колхозды алғашқы жылдары басқарғанШүренбай Тұрғанбаев Социалистік Еңбек Ері атанды, 55 жылдай колхоздыңбасшылық - басқару жұмысын атқарған Аязхан Қалыбеков Ленин, "Еңбек ҚызылТу" ордендері және бірнеше медальдармен марапатталды. Халық шаруашылығыБүкіл-одақтық көрмесінің алтын, күміс медальдарына ие болды. Колхоздыңмаңдай алды механизаторы Ұлбосын Қуатбекова бір маусымда 150 тоннаға дейінмақта жинады. Ол қыз КПСС-тің XXV съезіне, Қазақстан Компартиясының XVсъезіне делегат болды. Ұ.Қуатбекова "Еңбек Қызыл Ту", "Халықтар Достығы"ордендерін иеленді. Атақты бригадир Тұрсынхан Уәлиев мақта өнімділігін 35центнерге дейін жеткізгені үшін Кеңестер Одағы Жоғарғы Советі ПрезидиумыныңУказымен "Октябрь революциясы", "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталды.Жұмабай Оспанов, Ұлуаш Ақжігітова, Әпсан Лесов және Үрішов сияқты тағыбасқа да көптеген жақсы-жақсы өндіріс жетекшілері ерекше еңбек сіңірді.Үлгілі ауыл округіне қарайтын бұл өңірде қазіргі кезде 120-дан аса шаруақожалықтары жұмыс істеп жатыр. 1951 жылдан бастап, Ильич ауданының түстік жағындағы Киров (қазіргіДостық) каналының сол жағындағы Мырзашөлдің Жетісай өңірі игеріле бастады.Қазақстанның Солтүстік, Шығыс, Батыс облыстарынан кішігірім колхоздары 70-80 үйлермен уақытша жертөле жасап көшіп келіп қоныстана бастады, мұныңүстіне осы маңдағы жергілікті халықтардың есебінен толығып жатты. Жеригеру, су жүйелерін салу, үйлер тұрғызу, жол салу, ауыз су құрылыстарыныңжұмыстары бірімен-бірі ұштастырыла қызу жүргізіліп жатты. Қысқа мерзімніңішінде бұл өңірде қала типтес әдемі ауыл-селолық поселкелер бой көтеребастады. Әрбір ауылдың орта мектебі, мәдениет сарайы, сауда орталығы,ауруханасы, байланыс бөлімшелері тұрғызылып жатты. Халық жан-жақтан ағылып,көбейіп кетті. Тек Жданов, "ІІІ-Интернационал" және "Заря коммунизма"колхоздарының әрқайсысындағы түтін саны қысқа мерзімде 250-300-ге дейінжетті. Осы тұста 1956 жылы 6 тамызда КПСС Орталық Комитеті мен КСРОМинистрлер Кеңесінің "мақта шаруашылығын онан әрі дамытудың жайларынабайланысты қазақ және өзбек республикаларындағы кең байтақ 1.2 Мақтаарал ауданының климаты, су ресурстары Мақтаарал ауданының климаты - кең байтақ, Казақстан жерiнде оныңгеографиялық орнына және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаңконтиненттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқтыауданның климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенiерекше әсер етедi. Мақтаарал ауданының радиациясы. Қазақстан аумағы үстiнде бүкiл жылбойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдiк етедi, ал оған көршiлес аймақтарғатөменгі қысымды қабаттар тән келедi. Жалпы Мақтаарал ауданының көпшiлiкбөлiгiнде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашықкүндер ұзақ, жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағатқадейiн артып отырады. Жылына 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер санытиiсiнше 60 күннен 10 күнге дейiн кемидi. Мiне, осылардың нәтижесiндежиынтық радиация мөлшерi де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500МДжм2-ге дейiн бiртiндеп артады. Сол сияқты төсенiш беттiң (жер бетiнiң)сәуле қайтару қабiлетiне байланысты сiңiрiлетiн радиация мөлшерi де оңт-кеқарай бiрқалыпты көбейедi. Сәуле қайтару қабiлетiн қыста тұрақты қаржамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәнiне 70 — 80%-ға жетiп, жазда көпшiлiкжерде 20 — 30%-ке дейiн төмендейдi. Радиацияның жылдық тиiмдi сәулеленумәнi солтүстікте 1500-ден оңт-те 2100 МДжм2-ге дейiн өзгередi. Терiс мәндiрадиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солтүстікте 3,5 — 4,5 ай (қараша —наурыз), оңтүстікте — 1 ай. Мақтаарал ауданында жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығыныныңмөлшері, солтүстіктен оңтүстікке қарай 630-дан 420 МДжм2-ге кемидi. Шөлдiөңiрдiң қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлшері турбуленттi жылу алмасуғакетедi. Тек топырақтың көктемгi ылғалға қаныққан кезiнде, сол сияқтыкөгалды жерлерде буландыруға кететiн жылу мөлшерi ауаны турбуленттi жылуалмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттыққұбылыс, яғни булану есебiнен күндiзгi ауа температурасының Жетісайтөңiрегiне төменiрек болуы жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансыныңөзгерiсi ауа температурасын өзгертедi. Қаңтар айының орташа темп-расыМақтаарал ауданында 150 С-қа дейiн көтерiледi. Шiлденiң күндерінде 40°С-тан450 С-қа дейiн. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35°–50 дейiнқызуы мүмкiн. Көктемнiң соңғы үсiгi шiлдеде, ал күздiң ерте үсiгi тамыздыңаяғында түсуi мүмкiн. Мақтаарал ауданының қысы жұмсақ. Бұл өңiрдiң қыс айларында жиi-жиiқайталанатын жылымық құбылысы кезiнде ауа температурасы ең 10 0С-қа дейiнкөтерiледi. Соған қарамастан мұнда кейбiр°С жоғары деңгейi 15 — 20 0С-танда төмен аяздар байқалады. Мақтаарал ауданының өңiрiнен тыс бөлiгiнде жазтым ыстық әрi ұзақ. 40 0С-қа және 45°С-қа, топырақтың беткi қабаты 70°С.Кейбiр жылдары ауа темп-расы 45 0С — 470С одан да жоғары қызуы мүмкiн. Күнэнергиясының мұншама көп қоры, Мақтаарал ауданында гелиоэнергетиканыдамытуға мүмкiндiк бередi. Атмосфера айналымы. Мақтаарал ауданының жерi қыс маусымындаоңтүстік антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиi ұшырапотырады. Осыған байланысты Мақтаарал ауданының солтүстігінде оңтүстік-батысжәне батыс, ал жазда солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел басым келедi.Мақтаарал ауданындағы атмосфералық процестер — Еуразия секторының 3 iрiаумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар менантициклондардың алмасу жолдары ендiк бағытпен өтсе, онда ол ендiкбағыттағы айналым делiнедi. Ендiк бағыттағы айналым кезiнде Қазақстанныңкөпшiлiк бөлiгiнде жауын-шашынның мөлш. кемiп, ауа температурасыжоғарылайды. Еуразиялық айналым кезiнде Мақтаарал ауданына суық ауамассаларының енуi жиiлейдi, температура шұғыл төмендейдi, жауын-шашынмолаяды, жел күшейедi. Сiбiрлiк айналымда — оңтүстіктен тарайтын жылы ауамассалары ұлғайып, ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемидi.Мақтаарал ауданының климатының қалыптасуына оның жер бетiнiң әртектiлiгiнiң де әсерi болады. Мақтаарал ауданындағы атмосфералық циркуляциялық процестергеоңтүстік және оңтүстік - шығыстағы тау жүйелерi (биiкт. 4000 — 5000 м-лiк)мен Каспий және Арал теңіздерi сияқты су айдындары да ықпалын тигiзедi.Табиғи кедергi саналатын тау жүйелерi атмосферадағы ендiк бағыттағы шептiкбелдемiн солтүстік - шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының зауламаағынын күшейтедi. Осы ауа массасы сонымен бiрге тау бөктерiндегi жергiлiктiклиматты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Орташа жылдықжауын-шашын мөлш. жазықта 100—200 мм болса, тау бөктерiнде 500—600 мм-гедейiн артады. Жазық өңiрлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жазайларында, ал тау бөктерiнде жылына 2 рет (наурыз — сәуiр және қараша —желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздiк айналымды тудырады, ол құрлықтаондаған километрге ғана таралады. Орта ендiк бойындағы су айдындарыныңсолтүстік - шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдiк етсеоңтүстік - батыс жағында атмосфералық суық серпiлiс пайда болады. Бұлқұбылысты Арал теңізі мен Каспийдiң солтүстік - шығыс бөлiгiнен жиi-жиiбайқауға болады. Су айдындарының оңтүстік - батыс бөлiгiне қарағандасолтүстік - шығысында жауын-шашын 2—3 есе көбiрек түседi. Су ресурстары. Мақтаарал ауданындағы су қорларын Республикамыздыңоңтүстік өңіріндегі ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы үзыңдығы 5 мыңшақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд.текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздеріқұрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метргежуық су келіп, осыншама мөлшерде су кетіл отырады. Мақтаарал ауданындағы ең ірі және ұзын өзен - Сырдария өзені басқамемлекеттерден басталып, Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне қүяды. Облысаумағындағы Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатаумұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат(60 км), т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендерқатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады. Мақтаарал ауданындағы ең үлкен суқойма - Шардара бөгені 1965 жылыпайдалануға берілген, су сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр, су өткізумөлшері 200 м3с. Одан су алатын Қызылқұм (106 км), Шардара (10 км)каналдары арқылы 71,5 мың гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқой-масының сыйымдылығы 37 млн. текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерініңсуларымен толығып отырады. Мақтаарал ауданындағы 100 мың гектардан астам суармалы жерлердіигеру үшін 9336 шақырым су арналары, 1743 км су қашыртқылары және 800 данатік дренажды ұңғышалар, 21 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмысістейді. Мақтаарал аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа дамақсаттарға пайдаланылады. Мақтаарал ауданындағы жерасты суларының қорыретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай, Талас-Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты сукөздерін атауға болады, Шу-Сарысу артезиан алабының су қоры 260 млн. текшеметрден асады, минерадды сулар Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірланауылдарында арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген. Тағы бір айта кетерлігі,арнайы белгіленген шартқа сәйкес өзен ағысы бойындағы су шаруашылығықұрылыстары тек мемлекетаралық келісім бойынша салынуы тиіс десек,Өзбекстан бұл жерде де басқаша қадамға барып, ешқандай келісімсіз Арнасайсу қоймасын салып алды. Ал бұл өз кезегінде Шардара су қоймасынан апаттыжағдайда жіберілетін секөнтіне 2160 текше метр су өтімінің төмендеуіне әкепсоғуда. Басқаша айтсақ, Өзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағынабет бұрып, трансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін ескерусіз қалдырды.Қырғызстан мен Өзбекстан бұл мәселеде қазаншының еркі бардың рөлін атқаруғатырысып бағуда.

1.3 Мақтаарал ауданының жер ресурстарының сапалық жағдайы

Мақтаарал ауданындағы жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташабиіктігі теңіз деңгейінен 200-300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігіалып жатыр. Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм,облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөлалып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (еңбиік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батысшетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м)бар. Өгем мен Келес өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың(Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі2000 м, ал ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м). Қаржантаудансолтүстік батыска қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биікнүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігіде Келес өзенінің аңғарынатіреледі. Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан субасқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесінеадамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, тазатұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұх пайғамбардыңкемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі. Мақтаарал ауданындағы жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиіалмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік таумұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтардаболып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілупроцестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді. Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар менжелдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылықәрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерінтигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және теміржолдар, кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.Геологиясы және кен байлықтары Геологиялық құрылымы жөнінен ауданның аумағы Тұран плитасына жатады.Қаратау жотасы - протерозой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса,оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, кұмтас конгломераттарынан жәнедевонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге палеозойқатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жа-нартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстарыкездеседі. Мақтаарал ауданындағы жер қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай:полиметалдар, қоңыр көмір, темір кені, гипс, әктас, оттөзімді саз, кварцтықұм қабаттары, мәрмәр, түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратауқойнауындағы Ащысай, Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті жәнеЖоғарғы Бадам алтын кен көздерінің орны ерекше. Мақтаарал аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мұнай-газ кенорындары бар. Боралдайдан, Таскөмірсайдан, Келтемашаттан және Ленгеркеніштерінен мезозойлық қоңыр көмір өндіріледі. Облыс аумағындағы Қаратауфосфорит алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлауданөтті. Ал Тәңіртаудың ең батыс сілемі Қаржантау мен Сайрам жоталарыөнеркәсіптің көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай. Доломитті кеніштерінде резина, қағаз, бояулар дайындалады, газ-мұнайбұрғылау жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат - бариттіңірі ресурстары бар. Мақтаарал ауданындағы құрылыс материалдарының минералды-шикізат базасыәр түрлі цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерініңшикізаттары, кұм-тас, минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар:Қазығұрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі,Күбірексай минералдық бояулары, Леңгір оттөзімді сазы, Күрішбұлақ кварцқұмы, Дарбаза және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі-ұсақгы ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі. Үстірттің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Солтүстікқыратты бөлігіне шөлейттің белгілері тән және көбінесе карбонатты қоңыртопырақпен жабылған. Оңтүстікке таман созылып жатқан ңсорң алабыныңтопырағы кеуек, жетілмеген, оны ішінара әр тұрлі сұрғылт топыраққа ауысатынтопырақ алып жатыр. Орталық және оңтүстік аудандар сортаңдау гипсті,қиыршық тастылау сұрғылт топырақ басқан шөл. Үстірт үстінде сораңды жәнежусанды шөл тараған, онда жартылай бұталы өсімдіктер көп, ағаш өсімдіктеріқара сексеуіл аз. Микрорельеф өсімдіктердің таралуына тікелей әсер етеді. Ұсақ әрікішігірім шұңқырларда әдетте боз аралас баялыш өседі. Бұл шұңқыр тереңболған сайын бозы да көбірек болады. Неғұрлым кең әрі тереңірек жақсыылғалданатын қазаншұңқырларда ағаштар немесе қара сексеуілдің ірі түптеріөседі. Аудан үстіртінің жекелеген учаскелерінде ұсақ төбелі құмдаркездеседі. Олар қара сексеуіл арқылы бекиді. Құмдарда құм қияғы, ақ жусан,қараған өседі. Ақ сексеуіл өте сирек кездеседі. Бұл грунт пен топырақтыңтұздануына байланысты. Өсімідіктер дүниесі. Аймақ жерінде 400-ден астам өсімдік түрлеріөседі. Өсімідік жамылғысы солтүстіктен оңтүстікке қарай табиғи зоналықтысақтайды. Солтүстікте астық тұқымдас жусанды ассоциациядан оңтүстікке қарайжусанды- бұйырғанды ассоциацияға ол өз кезіндегі бұйырғанды-тітірліассоциациясына ауысады. Маңғыстау өсімдіктерінің ең басты ерекшеліктері:біріншіден, біртұтас өсімдік жамылғысы болмай, жеке өсімдіктердің жерыңғайымен топырағына қарашашыранды өсуі, екіншідей, құрғақшылық пен ыстықклиматқа бейімделуі (ксерофиттік өсімдіктер болуы). Мұндай өсімдіктердіңжер бетіндегі бөлігінен гөрі тамыр жүйесінің жақсы дамуы, ал жапырақтарыкішкене, кейбіреуінде ол қылша, тікенекке айналып кетеді. Енді біреулеріндеол ұзын тікеншеге айналып, балауызданып, шырыштанып тұрады.

Аудандағы жануарлар дүниесі, әсіресе оның орталық бөлігінің құмдыалқаптарының жануарлар дүниесімен салыстырғанда бай емес. Үстірттекеміргіштерден: қосаяқ, соқыртышқан, саршұнақ, қоян тіршілік етеді.Саршұнақты дала күзені аулайды. Кірпікөп кездеседі. Қасқыр, түлкі,қарақұйрық сирек кездеседі. Құстардан бозторғайды, тарғақты кездестіругеболады. Үстіртті қоршап жатқан және физикалық-географиялық жағдайдың алуантүрлілігімен көзге түсетін шет-шетіндегі үзік-үзік алаптың фаунасы бай. Бұлучаскелерде қасқырлар, шиебөрілер, жалпақ тіс егеуқүйрықтар, құмтышқандар,сарала қырғауыл кездеседі. Бұйырғын. Аласа бойлы бұта. Жапырақсыз жас өркені шырынды. бұтаныңтереңге кететін мықты тамыры болады. Ол тереңнен су сорады. Суды жапырағыболмағандықтан өте аз буландырады. Қоректену жас өркені арқылы іскеасырылады. Бұйырған құм басқан тақырларда да жақсы өседі. Өсімдік түйемалының негізгі азығы.

Изен. Негізгі жемдік өсімдік, Оның сабағының төменгі жері сояуланыпағашталынады, ал үстіңгі жері шөптесін күйінде қалады да қысқа ол құрғапкетеді. Сондықтан изенді жартылай бұтаға қосады. Изен көп жылдық өсімдік.Сабағы қызғылт, жапырағы өте ұсақ, гүлі сүйкімсіз. Оның жапырағы менсабағында көп мөлшерде белок болады. Сондықтан оны жемдік сапасы қыстадасақталады. Оны барлық мал түрлері сүйіп жейді. Малды жақсы семіртеді.

1.4.Мақтаарал ауданының халқының этнодемографиялық сипаттамасы

Мырзашөл өңірінің тың жерлерін бірлесіп суландыру және игеру туралы" өтемаңызды қаулысы жарияланды. Осыған сәйкес Қазақстан Компартиясы ОрталықКомитеті мен КСР Министрлер Кеңесі 195бжылғы 5 қазанда^34 санды өтемаңыздықаулы қабылдады. Одақ пен Республика қабылдаған қаулыны басшылыққа алаотырып, осы қаулыға жауап ретінде Оңтүстік Қазақстан облыстық партиякомитеті мен еңбекшілер депутаттары облыстық Кеңес атқару комитетінің 1957жылғы 23 қаңтарындағы қаулысы бойынша жаңа типтегі колхоз, совхоздарұйымдастыру қарқынды түрде жүріп жатты. Осы кезден бастап колхоздар бірінебірі қосылып, ірілендіріле бастады, МТС-тер негізінде ірі-ірі совхоздардүниеге келді, тыңнан жаңа колхоз, совхоздар ұйымдастырыла бастады. Соныңбірі - Ильич ауданынан Ленин атындағы совхозды жаңадан ұйымдастыру ісінеөте білгір, тамаша тәжірибелі маман Арысланов басшылық жасады. Бұлшаруашылықтың алты бөлімі құрылып, халқы жыл сайын орта есеппен 10 мыңтоннаға дейін мақта беріп отырған кездері болды. Бара-бара бұл шаруашылықнегізінен тұрақты мақта өндіруді сақтай отырып, ауылшаруашылығының көпсалалы түрін мал басын өсіру арқылы ет, сүт және астық өндіру ісіменайналыса бастады. Құс, шошқа шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінді. Жібек құртын өсіру арқылы піллә дайындаудың өзі өте маңыздышаралардың бірі болатын . Әсіресе бұған Өзбек КСР-інің құрамында болған1963-1971 жылдары кездерінде өте жоғары баға берілді. Одақ ыдыраған кезденбастап, жібек шаруашылығы да барынша дағдарысқа ұшырады. Ақыр соңындаЖетісай ауданында ғана емес, Мырзашөлдің Мақтаарал өңірінде піллә өніміөндірілмейтін жағдайға келтірілді. Тұт ағаштары қырқылып, жойылып-құртылыпжіберілді. Осылайша табыс көзінің бір саласы бұл аймақта мүлдем тоқтапқалды. 1959-60 жылдан бастап Ильич ауданының орталығы шаруашылықтарғажақынырақ деген есеппен Жетісай поселкесіне қоныс аударды. Ал "Мақтаарал"ауылы түгелімен Мақтаарал ауданының қарамағына берілді. Сол кездегі шағынғана Жетісай поселкесі бұл күндері 30 мыңнан аса халқы бар ауданғабағыныстағы қалаға айналды. Кезінде тоқтап қалған кейбір үлкенді-кішіліөндіріс орындары, әртүрлі цехтар біртіндеп іске қосылып жатыр. Жуырдақаладағы "Стройдеталь" заводы істей бастады. 1963 жылдың басынан бастап Мырзашөл өңірінің Киров, Ильич, Мақтааралаудандары қамтып жатқан аймақтар түгелімен Н.С.Хрущевтің әмірімен Өзбек ССР-нің құрамына беріліп жіберілді. Осыған дейін Қазақстанның тұсында үлкен-кішілігіне қарамастан аудандар біріне-бірі біріктіріліп қосылып жатқантұста Киров пен Ильич қосылып Киров ауданы болып, екі жылдан соң өмір заңыөз дегенін болдырмай қоймайтыны сияқты қайтадан Киров ауданы өз алдынатиісті шаруашылықтарымен бөлініп шықты да, бұрынғы Ильич ауданы болыпкелген аймақ, ендігі жерде 1965 жылдан бастап Жетісай ауданы болып ашылудәрежесіне ие болып қалды. Міне, содан бері Жетісай ауданының қарамағында Ленин, Абай атындағы,"Красный луч", "Путь к коммунизму", "XXII партсьезд", "Заря коммунизма","III Интернационал" колхоздары және "Красная звезда", "Жетісай","Қараөзек", Ленин атындағы совхоздардың еңбекшілері жыл сайын қал-қадірінше"ақ алтын" өндіру жолындағы күресті табыспен жалғастырып жатты. Советдәуірінің соғыстан кейінгі 56-60 жылдардан бастап колхоз-совхоздардыңжағдайы түбегейлі жақсарды, экономикасы мен мәдениеті артты, іс атқарудыңжүйелері техникалар мен электр энергиясының күшімен жүргізіліп отырды.Мұның өзі егістіктен алынатың өнімділік өнімінің жоғары болуына, өзіндікқұнының арзан болуына мүмкіндік жасады. Қоғамдық өнімді малшаруашылығыныңжжем шөп базасын толық жасақтай отырып, ет, сүт, жұмыртқа дайындау жағынанда аудан алдыңғы қатарда болды. Жетісай ауданын қатарынан 14 жыл басқарған аудандық партиякомитетінің бірінші хатшысы, орыс ұлтының өкілі Иван Константинович Морозөте жемісті жұмыс істеді. Елге сыйлы болды, ауданға тура, әділ басшылықжасады. Соның нәтижесі болса керек, мұндай үлкен лауазымды ауданды басқаружұмысында осыншама ұзақ уақыттай Мырзашөл өңірінде бірде-бір азаматістемеген екен. Осының өзі, оның адамгершілік қасиетінің өте жоғарыдеңгейде, кадрлармен істесудің озық-жетілдірілген тәсілдерін меңгергенадамда ғана осындай жағдай орнығады, қалыптасады. Аудан еңбекшілері МороздыҚазақ ССР Жоғарғы Советіне өздерінің округінен депутат етіп сайлады. ОлҚазақстанның ауылшаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері еді. Ленинорденінен бастап, ондаған ордендер мен медальдармен марапатталған ерекшесый-құрметке бөленген азаматтың бірі болатын. Ол осында 40 жылдан аса жауапты ел басқару жұмыстар атқарып, 80жастан асқан шағында осы жерде көз жұмды. И.К.Мороз есімін есте сақтаумақсатында Жетісай қаласындағы тікелей өзінің басшылығымен салынғанҚ.Жандарбеков атындағы музыкалық драма театрының алдындағы ойын-сауық, жиынөтетін алаңы осы кісінің есімімен аталады. Бұл кісінің тұсында әлде қалайжоғарғы жақтың әмірімен бірен-саран болмаса, сырттан кадрлар шақырылғанемес өзінің дос-жарандарын, туыстарын қолдап-қуаттап қолайлы қызметтергеорналастыруға барған емес. Әркімнің қабілетіне қарай атқарған қызметтерінеәділ бағасын беріп отырды, тұрмыста қанағатшыл, өте қарапайым еді. Жетісай ауданының экономикасы мен мәдениетін көтеру жолындақажырлылық пен талапшылдық деңгейінде өндіре жемісті жұмыс істеген аудандықпартия комитетінің бірінші секретары Спақұл Малдыбековтің сіңірген еңбегікөп болды. Ол осыған дейін Алматы қалалық комсомол комитетін басқарды,облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Сайрам аудандық партия комитетініңекінші хатшысы, Созақ аудандық Совет атқару комитеті төрағасыныңорынбасары, совхоз директоры және Ленин аудандық өндірістік ауылшаруашылығыбасқармасының бастығы, Қызылқұм, Келес аудандарында аудандық партиякомитетінің бірінші хатшысы болып істеді. Ол Қазақ, ССР Жоғарғы Советініңдепутаттығына сайланды. Оны елге сіңірген ерекше еңбегі үшін Ленинорденімен, 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. Мұндай үлкенқұрмет Одақ кезінде екінің біріне беріле бермейтіндігін ескеретін болсақ,бұл азаматтың халқына қаншалықты еңбек сіңіргенін осыдан-ақ өздеріңізбағалай берулеріңізге болады. Ильич ауданы болып тұрған кезінде соғыс және еңбек ардагері 1917 жылытуылған Егемқұл Тасанбаев 1955-60 жылдары осы ауданның партия комитетініңбірінші хатшысы болған жылдарында соның ішінде 1956 жылы ауданда бұрын-соңды болмаған мақта дайындаудың жылдық жоспары асыра орындалып, облысмақташылары үлкен жетістікке ие болды. Осыған байланысты ССРО ЖоғарғыСоветі Президиумының Жарлығымен тек Ильич ауданы бойынша 16 адамға осы жолыСоциалистік Еңбек Ері атағы берілді. Олардың ішінде Е.Тасанбаев, Ә.Оспанов,В.Куликов, Ф.Орлов, К.Маханов, Н.Есентаев, М.Тоқжігітов, Ә.Нарбаев,Т.Дойрашев, Л.И.Кан, Ф.Шмакова, Н.Г.Ли, С.Г.Хван, тағы басқалары болды.Облыс алпысыншы жылы Е.Тасанбаевты артта қалып келе жатқан Мақтааралауданының партия комитетінің бірінші хатшылығына жіберіп, сол жылыжелтоқсан айының аяғына дейін мақта теруді дұрыс ұйымдастырудың нәтижесіндеауданда мақта дайындаудың жоспары ойдағыдай орындалды. Әділін айту керек,Мырзашөл өңірін өркендетуге Е .Тасанбаев ағамыздың сіңірген еңбегі орасанзор болды. Сондықтан да ол бұл үш аудан Өзбекстан құрамына берілген кездеСырдария облыстық Совет атқару комитетінің төрағасы, соңырақ осы облыстықпартия комитетінің бірінші хатшылығы болған кездерінде облыстағы қазақдиаспорасының арқа сүйер қорғаны, ақылшы-кеңесшісі бола білгендігін атапайтуға тиістіміз. Кейбіреулер Тасанбаев, тағы басқалардың ықпалымен үш ауданӨзбекстанға беріліп кетті дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Совет дәуіріндеН.Хрущевтің тегеурініне ешкім де қарсы келген емес. Себебі, ол кездегіпартияның қаһарына тек "мақұлмен" жауап берілетін. Оған дәлел ҚазақстанКомпартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.A.Қонаев ағамыздың кейбірмәселелер бойынша "мақұл" демегені үшін қызметінен шеттетілгені бәрімізгебелгілі. Олай болса, ағайын, әр кезеңнің өзіне лайықты заңдылығы немесеқатаң тәртібі болғанын естен шығармағанымыз жөн шығар. Мырзашөл өңірін игеру ісіне барынша ат салысқан азаматтың бірі -Мұстақым Біләлұлы Ықсанов. Ол 1926 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібекауданында туған. Қазақтың ауылшаруашылық институтын бітірісімен Мырзашөлөңіріне жолдамамен келіп, Жетісай ауыл құрылысы тресінде прораб, бөлімбастығы, бас инжәнер, трестің басқарушысы қызметтерінде болды. 1958-1961жылдары "Казирголстепстрой", "Иржарирсовхозстрой" трестерінің басқарушылыққызметінде елеулі еңбек жасады. Соңырақ бірер жылдай Ильич аудандық партиякомитетінің бірінші хатшысы, онан кейін Оңтүстік Қазақстан өлкелік сушаруашылығы басқармасының бастығы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында облыстықпартия комитеттерінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы ОрталықКомитетінің хатшысы, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасарыжәне өзінің туған жері - Батыс Қазақстан облыстық партия комитетініңбірінші хатшылығында он жылдан аса қызмет атқарды. Осы жердензейнеткерлікке шығып, туған топырағында дүниеден етті. Ол кезінде осы Ильичауданында үйленіп, мырзашөлдіктерге күйеу бала болып қала білді. Көптегенқұрылыс, су шаруашылығының қызметкерлерін тәрбиелеп, өсіріп шығарды. Ильич аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істегенҚаныбек Өтепов, Мырзахан Шораев, Захан Ескендіров және аудандық кеңесатқару комитеттерінің төрағалары Қаныбек Патсаев, Дербіс Әлжанов жолдастарқиын кездерде өте жақсы жұмыс істеді. Ал Ілияс Бектенов ағамыз аудандықСовет атқару комитеті төрағасының орынбасары тағы басқа да жауаптыжұмыстарда болды. Мырзашөл аймағын айқын игеру жолындағы жұмыстарда 1950 жылдарданбастау алатын "Жетісай құрылыс" Қ.Мусин, кейінірек "Казтолстепводстрой" -Л.Мұсабаев, "Жетісайсельстрой-3" трестері -Ш.Қожамқұлов, Б.Тоқбергенов және"Межколхозстрой" -Ш.Есқараев, салалық құрылыс мекемелері, әсіресе кезіндегіаудандық, тұтынушылар одағының бастығы М.Бекманов 6-7 жылдың ішінде Жетісайқаласының өзінен универмаг, нан, сыра зауыттарын, ресторан, тағы басқа дакөптеген ірі-ірі сауда орталықтарын салдырып, іске қосуға айтарлықтай үлесқосты. Қаланың өсіп-көркеюі үшін ең алдымен тұрғын үйлер салу қарқындыжүргізілді. Сонымен бірге, Абай атындағы, Байтұрсынов және БауыржанМомышұлы, М.Горький атындағы мектептер, Жетісай педагогикалық, мәдени-ағарту оқу орындарының жайлары, байланыс үйі, Қ. Жандарбеков атындағымузыкалық-драма театры салынып, пайдалануға берілді. Ал қазіргі егемендікалғаннан кейінгі соңғы 10-11 жылдың ішінде салынып жатқан құрылыстардыңқарқыны жаман емес. Тұрғын үйлер, сауда нүктелерін тұрғызу бірінен соң бірібой көтеруде. Жетісай қаласының аумағы кеңейіп, қанат жаюда. Канал бойынан Бауыржансалып жатқан құрылыстардың саны да, сапасы да жақсы. Бірақ қаланың сыйқынкетіріп жатқан проблемалар аз емес . Көшелерге тәртіппен тас төселіп ,асфальттау жағы, көгалдандыру ісінде , су жүйелерін тарту, ауыз су келтіру,газдандыру жүйелерін әркім өздерінше жүргізіп жатыр, тәртіп жоқ . Мұныңкелешегі қалай болар екен дейтін, қала әкімшілігі мен аудандықсәулеттендіру мекемелерінің басшылары "жер беруден" қолдары босамайжүргендеріне таңымыз бар. Қаланың ішін күл-қоқыстан тазарту жағы мүлдемқанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр. Мақтаарал ауданының 75 жылдық торқалытойын атап өтуімізбен бірге, осындайда кемшіліктерді де айтпай кетсекәділдік болмас еді. Мырзашөл өңіріндегі Жетісай аймағының халық шаруашылығын жан-жақтыөркендету ісінің барысына: өнеркәсіп, құрылыс, транспорт, байланыс, ауылшаруашылығы, мәдени-ағарту, оқу, тұрмыстық, сауда, т.б. салаларда кезіндеқажырлылықпен ерекше жұмыстар атқарған азаматтардың есімдерін, сіңіргенеңбектерін, үлгі-өнегелерін естен шығара алмаймыз, осындай тарихи торқалытойларда олардың есімдерін құрметпен атап айтуға тиістіміз. Атап айтарболсақ: Әлкен Оспанов, Әбілаш Нарбаев, Шүренбай Тұрғынбаев, ТемірханДойрашев, Жұмагүл Сәуірбаева, Жолбарыс Қалшораев, Аязхан Қалыбеков, СапарЖаштаев, Байдулла Төреханов, Жәдігер Арапов, Сапарбек Әжібеков, НасырханАсанов, Байсейт Оралбаев, Баймырза Құралбаев, Бекзат Сүйеуов, ҚалмаханбетОмаршаев, Әнуарбек Тасқараев, Борис Тоқарев, Ахмет Арсланов, Атай Емешов,Әліпбек Байботаев, Насырхан Сейдуллаев, Айша Керуенбаева, Дәулет Момбеков,Ізбасар Серікбаев, Кенжегүл Дауылбаева, Бөрида Тоқбергенов, Құрал Күзеров,Шарипа Қуатбекова, Кетебай Көпеев, Қамбар Мақұлбеков, Төребек Әлімбетов,Ахмет Санақұлов, Базарбай Момбеков, Хайдар Тугушев, Бейсенбай Қадыров,Төлеген Рүстемов, Зайырбек Ахметов, Өстемір Бектөреев, Орынхан Нұрымбетов,Парқұл Әбуов, Бүркітбай Нұрбеков, Мақсым Досжанов, Төрехан Керімжанов,Тағай Санақұлов, Құдайберген Айкенжеев, Ізтілеу Зүлеев, ВладимирБелобородко, Сейсенкүл Қанжігітова, Өтеп Оспанов, Самиға Әубакирова, ҰлтуашАқжігітова, Ұлбосын Қуатбекова, Тұрсынхан Уәлиев, Додо Хамраев, МақсымДосжанов, Құттыбай Әжітаев, Балта Айхынов, Болсынай Байысбаева, МолдатілеуЕстаев, Қайырғали Қуанов, Әсілбек Набатов, Жұмабай Оспанов, Айту Сұлтанов,Осатай Құлымбетов, Гахар Жандарбеков, Мүсәлі Ізбасаров, Бәкір Жұрқаев,Бейсенбай Нақыпов, Жорабек Төребаев, Зұлпы Халықов, Дүйсебай Әжіғабылов,Әбдіхалық Әбішов, Абылбек Сөрсенов, Махамбет Жасұзақов, ТұрсынбайБаймаханов, Әуелбек Әбішов, Серік Қайырбеков, Нәби Юнусходжаев, НиятуллаСартаев, Жәнгір Әбибуллаев, Шапал Омаров, Қазақбай Ұзақов, СейдуалыЖарқынбаев, Төлеген Беркінбаев, Әзімбай Пернебеков, Нысанбай Жұманов, ТаңатБейсенбаев, Мейірбек Рсымбетов, Александр Алехин, Өтен Есполов,Ниетқабылов, тағы басқа да . жалғасы

📎📎📎📎📎📎📎📎📎📎